«Білімім – Отаныма!» » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2026

«Білімім – Отаныма!»

    

   2026 жылғы 25 мамыр күні мектеп-интернат алаңында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім – Отаныма!» атты «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді.Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар, оқушылар және арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты. Іс-шара барысында 9 және 11-сынып оқушылары салтанатты түрде қарсы алынып, оқу жылы ішінде білім, шығармашылық, спорт және қоғамдық іс-шаралар бағытында жоғары нәтижеге жеткен оқушылардың жетістіктері атап өтілді.Аталған салтанатты жиынға арнайы шақырылған құрметті қонақтар ретінде 10 жылдан астам уақыт облыстық білім саласын басқарған, қазіргі таңда “Ауыл” партиясының өңірлік филиалының төрағасы Курманбекова Сұлушаш Сатбековна, мектеп-интернатымыздың алғашқы директоры, аяулы ұстаз, Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Ахметжанова Камилаш Құстүтінқызы және ардагер ұстаз Майко Семізбайқызы қатысты.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Сонымен қатар мектеп директоры Г.Д. Тойшыманова, шақырылған қонақтар және ата-аналар тарапынан құттықтау сөздер айтылды. 11-сынып түлегі Шаяхмет Замираның анасы Құрқымбаева Бақыткүл сөз сөйлеп, мектеп ұжымына, ұстаздарға және тәрбиешілерге ата-аналар атынан алғысын білдірді.Салтанатты жиында оқу жылы бойы мектепішілік және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар мен үздік сыныптар ерекше марапатталды. Атап айтқанда, жыл бойы барлық іс-шараларға белсене атсалысып, мектеп өміріне үлес қосқан оқушылар мен үздік сыныптарға мектеп-интернатымыздың алғашқы директоры, аяулы ұстаз, Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Ахметжанова Камилаш Құстүтінқызының және мектеп директоры Г.Д. Тойшыманованың атынан қаржылай сыйақы табысталды. Бұл марапат оқушылардың белсенділігін арттыруға, сынып ұжымдарының ынтымағын нығайтуға және мектепішілік тәрбие жұмысына деген қызығушылығын қолдауға бағытталды. Сонымен қатар оқу жылы ішінде түрлі пәндік олимпиадаларда, шығармашылық байқауларда, спорттық жарыстарда және қоғамдық іс-шараларда жетістікке жеткен оқушылардың еңбегі аталып өтіп, оларға алғыс пен құрмет көрсетілді. Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Бағдарлама барысында «Ұстазға қошемет» әні орындалып, 9-сынып және 11-сынып түлектерінің вальсі ұсынылды. Түлектер ұстаздарына, ата-аналарына және алтын ұя мектептеріне алғыс сөздерін арнады. Іс-шара соңында 1-сынып оқушысы мен 11-сынып түлектері соңғы қоңырау соғу рәсімін орындады.«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор, әсерлі әрі мазмұнды түрде өткізілді. Іс-шара оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұстаз еңбегіне құрмет көрсетуге және білімнің Отанға қызмет ету жолындағы маңызын ұғындыруға бағытталды.