«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі»
01
сентябрь
2026

«Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі»

  2026–2027 оқу жылының басталуына орай Н. Тілендиев атындағы мектеп-интернатында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты жиын өтті.Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімімен және Мемлекеттік Гимн орындаумен басталды. Жиын барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, ұлттық өнерімізді дәріптейтін би, күйлерін көпшілік назарына ұсынды.Мектеп-интернат директоры Тойшыманова Гүлзира Жақсыбекқызы және ардагер-ұстаз, “Қамқоршылық Кеңестің” төрайымы Ахметжанова Кәмилаш Құстүтінқызы жаңа оқу жылының басталуымен ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, білім алушыларға сәттілік пен толағай жетістіктер тіледі.Сонымен қатар Нұрғиса Тілендиев ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізіліп, 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығы салтанатты түрде табысталды. Алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндерге мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәтінде ақ жол тілегі білдірілді.Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы әр қадамдарыңыз нық, жетістіктеріңіз биік болсын!