Жетістіктеріміз » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жас Түлек 2026 - Жаңа Қазақстанның ертеңі»
17
июнь
2026
«Жас Түлек 2026 - Жаңа Қазақстанның ертеңі»
2026 жылғы 17 маусым күні Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында 2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған «Жас түлек – 2026 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, олардың білім жолындағы жетістіктерін дәріптеу, ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіне құрмет көрсету, сондай-ақ түлектерге үлкен өмірге ақ жол тілеу болды. Салтанатты кештің ашылуында
Облыстық пәндік оимпиада
04
март
2026
Облыстық пәндік оимпиада
Қазақстанның Еңбек Ері, “Алтын жұлдыз” және «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягул Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленген Сағындық Қасымжомарт,жетекшісі  Тойшыманова Гульзира.
Облыстық деңгейдегі ең үздік шахматшы
22
февраль
2026
Облыстық деңгейдегі ең үздік шахматшы
2026 жылы Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Senat Open ашық біріншілігі аясында өткен шахматтан іріктеу турнирінде жүлделі нәтиже көрсеткені үшін Толқынбаев Бетұрсын марапатталды. Аталған жарыста қатысушы жоғары дайындық деңгейін, зияткерлік қабілетін және спорттық шеберлігін танытып, аудандар арасындағы үздік нәтиже көрсетті.
Жамбыл облысының чемпионатынан бес асықтан командалық II орын
22
февраль
2026
Жамбыл облысының чемпионатынан бес асықтан командалық II орын
Жамбыл облысы чемпионатында бес асықтан өткен командалық жарыста мектебіміздің командасы II орынға ие болды. Оқушыларымыз жоғары дайындық деңгейін,ептілік пен ұйымшылдықты көрсетіп, облыстық деңгейде үздік нәтиже көрсетті. Бес асық үйірмесінің жетекшісі – Тастекова Нұрила. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!
Республикалық олимпиада облыстық кезеңі
06
февраль
2026
Республикалық олимпиада облыстық кезеңі
7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІІ орын алған- 1 оқушы, атап айтқанда - Қойшыбай Нұралы тарих пәнінен, жетекшісі М.Ж Кабылбекова және алғыс хатпен Беркінбек Нұриддин физика пәнінен, жетекшісі Э.О.Баханова