07
сентябрь
2026
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні
Н. Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Қазақстан – көптілді мемлекет» тақырыбында «✈️ Тілдер әуежайы – 2026 ✈️ / LANGUAGES AIRPORT» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көптілділік құндылығын насихаттау, тілдерге деген құрмет пен қызығушылықты арттыру. Мерекелік шараның ашылу бөлімінде ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, тіл мерекесінің маңыздылығы атап өтілді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері «Тілдер әуежайы» форматында өз экипаждарын таныстырып, шығармашылық бағдарламаларын ұсынды. Іс-шара барысында ұстаздарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түрлі тапсырмалар беріліп, тілдік білімдері мен шығармашылық қабілеттері сыналды. Сонымен қатар оқушыларға үш тіл бағытында қызықты тапсырмалар ұйымдастырылып, олардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. «Тілдер әуежайы – 2026» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.