7 қыркүйек – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектепішілік спорттық жарыс
2026 жылғы «7» 09 күні сағат 16:00-де «Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернаты» спорт алаңында 7 қыркүйек – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектепішілік спорттық жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа қызығушылығын арттыру, шапшаңдық, ептілік, төзімділік және командалық ұйымшылдық қасиеттерін дамыту. Жарыс барысында оқушылар футбол, эстафеталық ойындар және түрлі спорттық бәсекелерге қатысып, өздерінің белсенділігін көрсетті. Қатысушылар спорттық жарыс ережелерін сақтап, ұйымшылдық танытты.Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен командалар анықталып, марапатталды. Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге жауапты: Жүнісбаев Жасқанат – дене шынықтыру нұсқаушысы,Үркімбаев Құдайберген – дене шынықтыру нұсқаушысы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амина Рапильбекқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, Тілдер мерекесіне арналған іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Келесі кезекте Хамит Раяна «Тәуелсіз елімнің қызымын» атты патриоттық өлеңін орындап, елге деген сүйіспеншілігін, туған жерге деген құрметін жыр жолдары арқылы жеткізді.