«Әділет» партиясы өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
август
2026

«Әділет» партиясы өкілдерімен үгіт-насихат кездесуі

   Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернатта «Әділет» партиясының өкілдері Бекбатырова Ж.Е. және Ертаева Ж.А. мектеп-интернат қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында партия өкілдері қатысушыларға «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар партияның алдағы кезеңге арналған бастамалары мен ұсыныстары түсіндірілді. Кездесу барысында 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы туралы да ақпарат беріліп, мектеп-интернат қызметкерлерін сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Кездесу ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат бағытында өтіп, қатысушыларға сайлауалды бағдарламаның негізгі мазмұны таныстырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.