Педагогикалық кеңес » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2026

Педагогикалық кеңес


                                                      2026 жылғы 22 мамыр

                                                    №5 педагогикалық кеңес

Тақырыбы:

«Оқушы білімін бақылау мен бағалау жүйесі»

Мақсаты:

Сыныптан-сыныпқа көшіру және мемлекеттік емтихандарға әзірлік жұмыстарын ұйымдастыру.

ҚАТЫСҚАНДАР:

Мектеп әкімшілігі, педагог қызметкерлер, комиссия мүшелері.

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Өткен педагогикалық кеңесте қабылданған шешімнің орындалуы.

2. IV тоқсан және жылдық қорытынды бойынша 1–11 сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен білім сапасы, мониторинг қорытындысына сараптама жасау. Оқу жылын аяқтау, емтиханға жіберу және сыныптан-сыныпқа көшіру туралы.

3. Жылдық қорытынды, тәрбие процесіне мониторингтік сараптама.

4. Педагогтардың кәсіби өсу мониторингі.

5. Мектеп жатақханасының санитарлық-гигиеналық талаптары мен эстетикалық жабдықталуы, тәрбиеленушілердің тәртібі туралы.

ТЫҢДАЛДЫ:

1-мәселе бойынша: Педагогикалық кеңестің хатшысы өткен педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы баяндама жасады. Қабылданған шешімдердің уақытылы орындалғаны айтылды.

2-мәселе бойынша: ДОІЖО Суранова К.Б. IV тоқсан және жылдық қорытынды бойынша білім сапасына мониторинг жүргізіліп, 1–11 сынып оқушыларының оқу үлгеріміне сараптама жасалғанын хабарлады. Сонымен қатар оқу жылын аяқтау, оқушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу және келесі сыныпқа көшіру мәселелері қарастырылды.

3-мәселе бойынша: ДТІЖО Исакова.А.Р тәрбие жұмыстарының жылдық қорытындысына тоқталып, тәрбие процесіне жүргізілген мониторинг нәтижелерін таныстырды. Жыл бойы өткізілген іс-шаралардың тәрбиелік маңызы атап өтілді.

4-мәселе бойынша: ДБЖО Жайдарова.М.Е педагогтердің кәсіби өсуі, біліктілік арттыру курстары мен әдістемелік жұмыстарға қатысуы бойынша мониторинг нәтижесін баяндады.

5-мәселе бойынша: Аға тәрбиеші Қансеитова.А.Е мектеп -интернат жатақханасындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, эстетикалық жабдықталуы және тәрбиеленушілердің тәртіп жағдайы туралы мәлімет берді.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Өткен педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдердің орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын.

2. 1–11 сынып оқушыларының жылдық қорытынды бағалары бекітілсін.

3. Бітіруші сынып оқушылары мемлекеттік емтиханға жіберілсін.

4. Үлгерімі талапқа сай оқушылар келесі сыныпқа көшірілсін.

5. Тәрбие жұмыстары мен педагогтердің кәсіби даму мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылсын.

6. Жатақханадағы санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау және тәрбиеленушілер тәртібін бақылау күшейтілсін.
 Педагогикалық кеңес төрайымы: 
                        Г.Д.Тойшыманова

Хатшысы:                                                                Г.Б. Ташенова