«Жас Түлек 2026 - Жаңа Қазақстанның ертеңі» » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
июнь
2026

«Жас Түлек 2026 - Жаңа Қазақстанның ертеңі»

2026 жылғы 17 маусым күні Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында 2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған «Жас түлек – 2026 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, олардың білім жолындағы жетістіктерін дәріптеу, ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіне құрмет көрсету, сондай-ақ түлектерге үлкен өмірге ақ жол тілеу болды. Салтанатты кештің ашылуында бейнеролик көрсетіліп, жүргізушілер қатысушыларды мерекемен құттықтады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге аттестаттарды табыстады. Рәсім барысында «Алтын белгі» және үздік аттестат иегерлері марапатталып, олардың ата-аналарына Алғыс хаттар табыс етілді. Биылғы оқу жылы мектеп тарихындағы ерекше белес болды. Мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша үш түлек – Ғабдысамет Мадина, Ғаниқызы Гүлназ және Қойбағар Ажар «Алтын белгі» иегері атанып, мектеп ұжымының зор жетістігін айқындады. Сонымен қатар, Шаяхмет Замира үздік аттестатқа ие болды. Мерекелік бағдарлама барысында түлектер сахна төріне шақырылып, әрқайсысының жетістіктері мен жақсы қасиеттері аталып өтті. Қонақтар, білім саласының ардагерлері, облыстық білім басқармасының өкілдері, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар және ұстаздар түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады. Сонымен қатар мектеп өнерпаздарының орындауындағы әндер мерекелік кештің сәнін келтірді. Іс-шараның әсерлі сәттерінің бірі – түлектердің ұстаздары мен ата-аналарына арнаған алғыс сөздері мен қоштасу әндері болды. Сынып жетекшісі мен тәрбиешінің орындауындағы ән және қорытынды лебіздер мерекелік кештің тәрбиелік мәнін арттыра түсті. «Жас түлек – 2026 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты аттестат тапсыру рәсімі жас түлектердің өміріндегі маңызды белесті айшықтап, олардың болашаққа деген сенімін нығайтқан, ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіне құрмет көрсеткен мазмұнды әрі тағылымы мол мерекелік шара ретінде өз мәресіне жетті.