«Өткенге құрмет, болашаққа аманат»
Іс -шара тақырыбы: «Өткенге құрмет, болашаққа аманат»
Өткізілген орны: Акт залы
Өткен күні: 05.05.2026ж.
Қатысқан оқушылар саны : 52
Қатысқан қызметкерлер: 20
«Шабыт» жобасы аясында Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күніне арналған «Өткенге құрмет, болашаққа аманат» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ел бірлігін, отансүйгіштікті, батырлар ерлігін дәріптеу, тарихи жадымызды жаңғырту және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Мерекелік кеш «Рухты қыздар» биімен ашылды. Би жетекшісі – Орманова Аяна. Іс-шараны Айжан және Назгүл жүргізді. Алғашқы құттықтау сөз мектеп-интернат директоры Тойшыманова Гульзира Жақсыбекқызына, кәсіподақ төрайымы Мадина Жамалқызына және арнайы шақырылған қонақтарға берілді.
Шара барысында төмендегі көркемөнерпаз нөмірлері ұсынылды:
1. «Рухты қыздар» биі – жетекшісі Орманова Аяна
2. 3 «Ә» сынып – «Біз Отанның ұланымыз» әні
3. Қожа туралы тәрбиелік қойылым
4. 7 «Ә» сынып – «Сарбаздар» биі
5. 6 «Ә» сынып – «Батырлар ұраны»
6. 4 «Ә» сынып – «Попурри» әні
7. 5 «А» сынып – «Хас жүйрікте сын болмас» әні
8. 5 «Ә» сынып – «Катюша» биі
9. 4 «А» сынып – «Алатау» әні
10. 5 «Б» сыныбының оқушысы Хамит Рая – «Тәуелсіз елімнің қызымын» әні
12. Соғыс жылдарына арналған әсерлі көрініс
13. 7 «Б» сынып – «Соғыс болмаса екен» әні. Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған сурет байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау үшін Алдабергенова Шолпан Торохановна шақырылды.Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагогтер, оқушылар және құрметті қонақтар қатысты. Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
ДТІЖО: А.Р.Исакова
Ұйымдастырушы педагог: А.Б. Нартова
Тәлімгер: Н.М. Кырыкбаева