«Жыл мұғалімі – 2026» » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
май
2026

«Жыл мұғалімі – 2026»

2026 жылы мектеп-интернатта ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, озық тәжірибелерін насихаттау және тәрбие жұмысының сапасын көтеру мақсатында «Жыл мұғалімі – 2026» байқауы өткізілді. Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттілігін, жаңашыл идеяларын, тәрбие саласындағы тәжірибесі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Байқау үш кезеңнен тұрды: «Педагогтің визиттік карточкасы», «Инновациялық тәрбие сағаты» және «Менің сыныбымдағы бір күн» атты влог-ролик. Әр кезеңде қатысушылардың педагогикалық шеберлігі, инновациялық тәсілдерді қолдануы, балалармен жұмыс істеудегі кәсібилігі мен шығармашылығы жан-жақты бағаланды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша байқау қорытындысы төмендегідей анықталды:1 Қарасаева Б. – Бас жүлде иегері,  Баханова Э. – І орын,Ұяласова – ІІ орын,Досаева – ІІ орын,Сағынбаев және Бектұрсын ағай – ІІІ орын иегерлері.Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.Аталған байқау тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін шыңдауға, тәжірибе алмасуына, шығармашылық ізденістерін дамытуға және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға зор ықпал етті. Қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберлігін көрсетіп, білім беру мен тәрбиелеу ісіндегі жоғары жауапкершілігін дәлелдеді  


Похожие публикации:

18 январь 2019 Байқау