01
апрель
2026
Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевті еске алу гүл қою рәсімі
2026 жылдың 1 сәуір күні сағат 15:00-де мектеп-интернатымызда қазақтың көрнекті композиторы, дирижер, күйші Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туған күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп – интернат директоры Гүлзира Жақсыбекқызы арнайы шақырылған қонақтармен бірге атамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті. Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы насихатталып, оқушылар тарапынан ән-күйлер орындалды. Іс-шара барысында мектеп- интернатымыздың алғашқы директоры, аяулы ұстаз, қамқоршылар кеңесінің төрайымы Камилаш Құстүтінқызының атынан 11 «А» сынып үздік білім алушысы Ғабдісәмет Мадина мен мектеп-интернат директоры Гүлзира Жақсыбекқызының атынан 7 «А» сынып оқушысы Жамалбекқызы Береке
үздік білім алушы ретінде 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

үздік білім алушы ретінде 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.
