Ата –аналармен жиналыс пікір – сайыс сабағын өткізе отырып сыбайластық жөнінде жеке сұрақтар қойып пікір алмасу » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата –аналармен жиналыс пікір – сайыс сабағын өткізе отырып сыбайластық жөнінде жеке сұрақтар қойып пікір алмасу
16
октябрь
2025

Ата –аналармен жиналыс пікір – сайыс сабағын өткізе отырып сыбайластық жөнінде жеке сұрақтар қойып пікір алмасу

Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында ата-аналар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында пікір-сайыс форматындағы ата-аналар жиналысы өткізілді.

Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Р. Исакова ұйымдастырып, жүргізді. Жиналыс барысында ата-аналарға сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның қоғамға және бала тәрбиесіне тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға жеке сұрақтар қойылып, жағдаяттық тапсырмалар арқылы пікір алмасу ұйымдастырылды. Ата-аналар өз ойларын ортаға салып, адалдық, әділдік және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша ортақ қорытындыға келді.

Өткізілген шара ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, бала тәрбиесінде адалдық қағидаларын нығайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталды.