"Жемқорлықсыз әлем" сурет байқауы » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2026

"Жемқорлықсыз әлем" сурет байқауы

Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында «Жемқорлықсыз әлем» атты сурет байқауы өткізілді. Байқауды ұйымдастырып, жетекшілік еткен – қылқалам үйірмесінің жетекшісі Орманова Айман. Байқауға мектеп оқушылары белсенді қатысып, өз шығармашылық жұмыстары арқылы жемқорлыққа қарсы көзқарастарын көркем бейнелеу өнері арқылы көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша: Бас жүлде – 7 «Б» сынып оқушысы Беркінбек Нуриддин, І орын – 5 «А» сынып оқушысы Асқарбек Сымбат ІІІ орын – Жолшыбек Нұртаза. Өткізілген іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, қоғамдағы адалдық қағидаларын түсінуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.