«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» бағыты бойынша «Жауапты азамат – заңға бағынған қоғам мүшесі» тақырыбында дөңгелек үстел
Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында 8–9–10–11 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» бағыты бойынша «Жауапты азамат – заңға бағынған қоғам мүшесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Р. Исакова және АӘД жетекшісі Бекболатов Серикхан бірлесе жүргізді. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп, әскери-патриоттық жауапкершілік, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар жағдаяттық тапсырмалар беріліп, оқушылар өз пікірлерін білдіріп, заң талаптарын орындаудың маңыздылығы жөнінде ой қорытынды жасады. Өткізілген шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, тәртіпке бағыну, Отанға адал қызмет ету, азаматтық жауапкершілікті сезіну дағдыларын нығайтуға бағытталды.