«Адал ұрпақ – Мәңгілік Ел болашағы» атты «Жемқорлыққа жол жоқ» акциясы
«Адал ұрпақ – Мәңгілік Ел болашағы» атты «Жемқорлыққа жол жоқ» акциясы – білім беру ұйымдарында, жастар ортасында және қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, адалдық пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған кешенді тәрбиелік-қоғамдық бастама.Аталған акцияның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында парасаттылық, жауапкершілік, әділдік, заңға құрмет және азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік мәдениетін орнықтыру. Өйткені елдің болашағы – бүгінгі жас буынның қолында, ал адал ұрпақ қана мемлекет дамуының берік негізі бола алады.Акция аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіруге, оның әлеуметтік-экономикалық және моральдық салдарын ұғындыруға ерекше мән берілді. Сонымен қатар жастарды адал еңбекке, әділ бәсекеге, жауапты шешім қабылдауға тәрбиелеу көзделді.Іс-шара барысында пікірталастар, дөңгелек үстелдер, мәнерлеп оқу және сурет байқаулары, кездесулер мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Акцияға арнайы қонақтар қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, Қ.Е. Төлендиев, Г.Ж. Есмаханова, Е. Досалы және О.Н. Мусақұлов келіп, жастарға адалдық пен жауапкершілік жөнінде тағылымды әңгіме жүргізді.Қорытындылай келе, «Адал ұрпақ – Мәңгілік Ел болашағы» акциясы – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге, олардың бойында адалдық пен әділдік қасиеттерін орнықтыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба. Мұндай бастамалар арқылы сыбайлас жемқорлықсыз, әділетті қоғам құруға негіз болып саналады.
Жауапты: Тасқұлова А. тарих пәнінің мұғалімі