«Қамқор» жобасы аясында ұйымдастырылған «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға баулу және білім алушылар арасында жауапкершілік сезімін арттыру болып табылады.Экочеллендж барысында мектеп түлектері белсенділік танытып, белгіленген аумаққа ағаш көшеттерін отырғызды. Іс-шараға қатысушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсініп, жасыл желекті көбейтуге өз үлестерін қосты. Ағаш отырғызу барысында қауіпсіздік ережелері сақталып, көшеттерді дұрыс отырғызу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, экологиялық тәрбие бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған шара оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.