"Наурыз думан - 2026" » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2026

"Наурыз думан - 2026"

Аталған іс-шара 2026 жылдың 20 наурыз күні мектеп алаңында өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, ұжым арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болып табылады.Мерекелік бағдарлама барысында жүргізушілер қатысушыларды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, думанды кештің шымылдығын ашты. Іс-шара қазақ халқының игі дәстүрі – бата берумен басталып, мазмұнды бағдарламамен жалғасын тапты.Іс-шараға бес ауыл (ұжым) қатысып, әрқайсысы өз өнерлері мен салт-дәстүрлерін таныстырды:
І ауыл – Әкімшілік ұжымы («Төле би» ауылы) – бата беру дәстүрін көрсетті;
ІІ ауыл – Мұғалімдер ұжымы («Жамбыл» ауылы) – «Тойбастар» дәстүрін сахналады;
ІІІ ауыл – («Нұрғиса ата» ауылы) – қыз бен жігіт айтысын ұсынды;
IV ауыл – («Тектұрмас» ауылы) – «Ауылдың алты ауызы» дәстүрін орындады;
V ауыл – («Өтеген батыр» ауылы) – шашу шашу және Наурыз көже дәстүрін таныстырды.
   Сонымен қатар мерекелік шара барысында қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, атап айтқанда арқан тартыс, ләңгі тебу, белбеу тартыс, қол күресі ойындары ойнатылды. Бұл ойындар қатысушылардың белсенділігін арттырып, мерекенің көркін аша түсті.
Бағдарлама барысында ұлттық әндер шырқалып, билер орындалып, сахналық көріністер қойылды. Қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Іс-шара соңында барлық қатысушылар сахна төріне жиналып, «Қамажай» биін билеп, мерекелік думанды жоғары деңгейде қорытындылады. Аталған іс-шара ұйымшылдықпен өткізіліп, қатысушыларға көтеріңкікөңіл-күй сыйлап, ұлттық рухты нығайтуға өз үлесін қосты.