10
апрель
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар!
Әр ата-ана үшін бала қаншалықты қымбат болса, мектеп үшін әр оқушының білімі, тәрбиесі мен амандығы соншалықты маңызды.
Тәрбие – ең алдымен отбасынан басталатынын ұмытпайық.Оқу жылы аяқталуға жақындаған сайын мектептерде түрлі іс-шаралар көбейетіні белгілі. Соның ішінде мектеп бітіру кеші – әр отбасы үшін маңызды әрі есте қаларлық сәт. Дегенмен соңғы уақытта мұндай кештерді шектен тыс сән-салтанатпен, ысырапшылдықпен өткізу белең алып барады.Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар кейде жасөспірімдерге кері әсерін тигізіп, олардың психологиялық жай-күйіне ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар ата-аналардың бір-бірімен бәсекеге түсуі әлеуметтік теңсіздікті де айқын көрсетеді. Кейбір отбасылар үшін бұл ауыртпалық тудырып, ата-ана мен бала арасында түсініспеушіліктерге әкелуі ықтимал.Мектептегі іс-шаралардың негізгі мақсаты – білім ордасымен қоштасу, ұстаздарға алғыс білдіру және достармен жылы естеліктер қалдыру екенін естен шығармаған жөн. Өкінішке қарай, кейде осы рухани мән сыртқы сән-салтанаттың көлеңкесінде қалып жатады.
Сондықтан мектеп бітіру кешін ұйымдастыруда қарапайымдылық пен мағыналылықты сақтаған дұрыс. Тәрбиелік мәні бар, шынайы әрі мазмұнды кеш – балаға дұрыс құндылықтарды қалыптастырудың бір жолы.Сонымен қатар түрлі сылтаумен ақша жинау, артық шығынға жол беру, көлік жалдап шеру ұйымдастыру сияқты әрекеттерден аулақ болған абзал. Барлық бала тең, ешкім өзін кем сезінбеуі тиіс.
Бала тәрбиесіне бейжай қарамайық. Әр баланың құқығы бірдей екенін ұмытпайық!