«Ананың аялы алақаны» челленджі » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2026

«Ананың аялы алақаны» челленджі

«Ананың аялы алақаны» челленджі  «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Шабыт» жобасының негізінде ұйымдастырылатын тәрбиелік мәні жоғары білім беру бастамасы. Аталған челлендждің басты мақсаты  «Адал азамат» құндылықтарын дәріптей отырып, оқушылардың бойында анаға деген құрмет, сүйіспеншілік, алғыс сезімдерін қалыптастыру және отбасы құндылықтарын нығайту болып табылады. Челлендж барысында оқушылар өз аналарына деген қамқорлығын күнделікті өмірде көрсету арқылы (үй шаруасына көмектесу: ыдыс жуу, үй жинау, гүлге су құю және т.б.) фото және бейнематериалдар түсіріп, оны көпшілікке ұсынады. Бұл әрекеттер арқылы бала мен ана арасындағы жылы қарым-қатынас нығайып, ізгілік, мейірімділік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттер дамиды. Челленджге мектеп оқушылары, олардың аналары және педагогтер қауымы белсенді қатысады.  Аталған бастама қоғамда ананың рөлін дәріптеп, жас ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге, сондай-ақ  «Адал азамат» тұлғасын қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік құрал болып табылады.