«Домбыра party»
«Домбыра party» атты мәдени Флешмоб
2026 жылдың сәуір айында білім алушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Домбыра party» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының асыл мұрасы саналатын домбыра өнерін дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.Іс-шара барысында қатысушылар домбырамен күй орындап, заманауи форматтағы шығармашылық номерлер ұсынып, ұлттық музыка мен қазіргі стильді үйлестіре білді. Сонымен қатар, түрлі ойындар, челлендждер мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі жоғары деңгейде көрінді.«Домбыра party» кеші көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, оқушыларға рухани шабыт сыйлап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттырды. Орындалған күйлер:
«Домбыра», «Нәр ағашы», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Адай», «Ерке сылқым».
Жетекшісі: Басықараев Дидар Болатбекұлы.
