"ЖАС МАМАН - 2026"
Н.Тілендиев мектеп интернатында жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және инновациялық тәжірибелерді насихаттау мақсатында «Жас мамандар сайысы» өткізілді. Сайысқа барлығы 4 жас маман қатысты. Атап айтқанда:
- Сапақ Ақерке – тарих пәнінің мұғалімі
- Тасқұлова Әсел Есенғалиевна – тарих пәнінің мұғалімі
- Шынтас Жансая Абдрашитқызы – математика пәнінің мұғалімі
- Абуақас Аружан Мұрасқызы – химия пәнінің мұғалімі
Байқау 3 кезең бойынша ұйымдастырылды:
- «Педагогтің визиттік карточкасы»
- Инновациялық сабақ (презентациялық сабақ / видеоролик)
- «1 күн менің сыныбымда» влог-ролик
Әр кезең белгіленген талаптар мен бағалау критерийлері негізінде әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды. Қатысушылар өздерінің кәсіби біліктілігін, шығармашылық ізденісін және заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алатындығын көрсетті.
Қорытынды бойынша:
Сайыс нәтижесінде бас жүлдені Абуақас Аружан Мұрасқызы (химия пәнінің мұғалімі) иеленді. Қалған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Қорытынды:Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас мамандардың тәжірибе алмасуына және кәсіби дамуына оң әсерін тигізді.Ұсыныс: Жас мамандармен тәлімгерлік жұмыстарды күшейту, осындай кәсіби сайыстарды тұрақты өткізу.
