Жыл тәрбиешісі - 2026 » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
май
2026

Жыл тәрбиешісі - 2026

2026 жылы мектеп-интернатта тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, озық тәжірибелерін насихаттау және тәрбие жұмысының сапасын көтеру мақсатында «Жыл тәрбиешісі – 2026» байқауы өткізілді. Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттілігін, жаңашыл идеяларын, тәрбие саласындағы тәжірибесі мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Байқау үш кезеңнен тұрды: «Педагогтің визиттік карточкасы», «Инновациялық тәрбие сағаты» және «Менің сыныбымдағы бір күн» атты влог-ролик. Әр кезеңде қатысушылардың педагогикалық шеберлігі, инновациялық тәсілдерді қолдануы, балалармен жұмыс істеудегі кәсібилігі мен шығармашылығы жан-жақты бағаланды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша байқау қорытындысы төмендегідей анықталды:

  1. Рүстемова Бағдат Мейрамбековна – Бас жүлде 
  2. Доумчариева Ляззат Есеновна – І орын 
  3. Сатыбалдиева Ұлдана Ералықызы – ІІ орын 
  4. Садыкова Эльмира Умербаевна – ІІІ орын 
  5. Мақышева Салтанат – «Шығармашыл тәрбиеші» номинациясы 
  6. Орманова Ляззат Ерназаровна – «Ізденімпаз тәрбиеші» номинациясы 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.Аталған байқау тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін шыңдауға, тәжірибе алмасуына, шығармашылық ізденістерін дамытуға және тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға зор ықпал етті. Қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберлігін көрсетіп, білім беру мен тәрбиелеу ісіндегі жоғары жауапкершілігін дәлелдеді