11
сентябрь
2026
«Тіл – рухани қазына» тақырыбындағы апталық аясында өткізілген ағылшын тілі пәнінен «Polyglot» атты танымдық іс-шара
Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – рухани қазына» тақырыбындағы апталық аясында 2026 жылғы 11 қыркүйек күні 6«Ә» сынып оқушыларының қатысуымен ағылшын тілі пәнінен «Polyglot» атты танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, көптілділіктің маңызын түсіндіру, шетел тілдерін үйренуге ынталандыру және басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар «Polyglot» ұғымымен танысып, бірнеше тіл білудің артықшылықтары туралы пікір алмасты. Танымдық бөлімде ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы ақпарат беріліп, оқушылар Ұлыбритания, оның құрамындағы елдер (England, Scotland, Wales, Northern Ireland) және олардың мәдени ерекшеліктерімен танысты. Оқушылар презентация арқылы ағылшын тілді елдердің рәміздері, қалалары, ұлттық белгілері туралы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар «Guess the Country», «Match», «Speak English» сияқты қызықты тапсырмалар мен викториналық сұрақтарға қатысып, өздерінің білімдерін көрсетті. Топтық жұмыстар барысында оқушылар ағылшын тілінде сөйлемдер құрастырып, сөздік қорларын жетілдірді, бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, тіл үйренуге деген қызығушылығын қалыптастырды. Аталған танымдық іс-шара оқушыларға тіл – халықтар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, мәдениеттерді байланыстыратын рухани көпір екенін түсіндіруге мүмкіндік берді.