Сурет байқауы » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2026

Сурет байқауы

Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында «Сыбайлас жемқорлық – барша қоғамның жауы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, әділдік пен адалдық құндылықтарын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Аталған байқауға мектептің қылқалам үйірмесінің жетекшісі Орманова Айманның жетекшілігімен оқушылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.Байқау қорытындысы бойынша: І орын – 9 «Ә» сынып оқушысы Айбалта Ерасыл, ІІ орын – 5 «Б» сынып оқушысы Хафизова Алсу марапатталды.
 Жүлдегер оқушыларға дипломдар Ж. Жабаевтың 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш аясында табысталды. Дипломдарды арнайы қонақ ретінде келген Есмаханова Гульнара Жанкеновна табыстады. Есмаханова Гульнара Жанкеновна – Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, ардагер-ұстаз ,Тараз қаласының Құрметті ардагері, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, республикалық және облыстық журналдардың редакторы.
 Жауаптылар:  ДТІЖО А.Р.ИСАКОВА,  ұ
йымдастырушы педагог:  А.Б. Нартова, кітапханашы, Ғ.К. Сейтжанов, қазақтіліжәне әдебиет пәнінің мұғалімі,К.Б. Ташенова