Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған "Өлмейтін өмір кілті-өнерде" атты танымдық кеші » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған "Өлмейтін өмір кілті-өнерде" атты танымдық кеші
26
январь
2023

Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған "Өлмейтін өмір кілті-өнерде" атты танымдық кеші

Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында "Туған өлке" жобасы аясында күйші,сазгер,қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған "Өлмейтін өмір кілті-өнерде" атты танымдық кеші өткізілді."Оқушылардың музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып,олардың бойына эстетикалық және мәдениет құндылықтарын сіңіру мақсатында өткізілді.Оқушылар Ықылас Дүкенұлы туралы көптеген ақын-жазушылар,мемлекет қайраткерлері нің қанатты сөздерін,арнайы өлеңдерін оқыды. Мерекелік іс-шараға ҚР-ның журналистер одағының мүшесі, Республикалық ""Көшбасшы" , облыстық "Педагог тәлімі" журналының бас редакторы , Ы.Алтынсарин төс белгі иегері, ұлағатты ұстаз Есмаханова Гүлнар Жанкейқызықатысты, сонымен қатар көптеген байқаулардың жеңімпазы,Н.Тілендиевтің "Отырар сазы" оркестрінде бас қобызшы болған,Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушысы Шабанбаева Гүлназ Талғарқызы және Жамбыл облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әртісі,Ықылас атындағы "Жез киік"-2019 облыстық қобызшылар конкурсының лауреаты Абылқасов Рауан Сатымханұлы Ықыластың бірнеше күйлерін қобызбен орындады.Ал айтыскер ақын,"Ақ жол" газетінің бөлім басшысы Есет Досалы да оқушыларға біраз мәлімет берді.Республика бойынша Ықылас-180 іс-шарасын бірінші бастаған Жамбыл облыстық Н.Тілендиев мектеп-интернаты болды. Ұйымдастырушы: Мирзахметова А.К.