Жаксылыкова Ельмира Сауқымбековна

1.Тегі, аты, әкесінің аты: Жаксылыкова Ельмира Сауқымбековна
2.Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) 691009401924
3.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Тараз қаласы, Н.Тілендиев облыстық мектеп-интернатының директоры
4.Жынысы: әйел
5.Туған жылы мен туған жері: 10.10.1969 жыл, Жамбыл қаласы
6.Ұлты: қазақ
7.Білімі жоғары, Жамбыл педагогикалық институты 1994ж. орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
8.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогика ғылымының магистрі 2016ж.
9. Үйінің мекенжай: Жамбыл облысы, Тараз каласы, 6-бұрылыс Әліпшеева №11
10.Жалпы жұмыс өтілі 33 жыл
11.Саладағы жұмыс өтілі:33 жыл
12.Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 22 жыл
Көшбасшы мұғалім ретінде жаңа форматты ұстаздарға ұсыныс жасап, жүйелі бағыт-бағдар беруімен 2014 жылы облыс көлемінде «Білім беру жүйесін жаңғырту аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көтеру», 2015 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері» тақырыптарында семинар - практикумдар өткізілді. Семинар жұмысы туралы облыстық «Харизм» және «Білім шуағы» газет беттеріне жарияланды.
Облыстық, республикалық газет-журналдарға өзінің іс-тәжірибесі бойынша сабақтары жарияланып тұрады. 2014 жылы республикалық «Білім.кz.» журналының (№13(37) желтоқсан 2014 ж.) саны мектеп-интернат ұжымының оқу-тәрбие процесіне арналып, «Нұрғиса Тілендиев мектеп-интернаты: келешекке кемел біліммен» тақырыбында мақаласы жарық көрді. 2017 жылы республика көлемінде «Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы және Қазақстандағы патриотизмді қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция туралы «Хабар», «Қазақстан Тараз» телеарналарынан көрсетіліп, «Знамя труда» (2017, 18 мамыр, №53), «Білім шырағы» (2017, 15 маусым, №11-12) санына мақала жарық көрді.
Іскер басшының ұйымдастыруымен мектеп-интернатының соңғы 3 жылдағы облыстық, халықаралық жетістіктері туралы 66 рет баспа бетіне жарияланса, 35 рет облыстық және республикалық телеарналардан көрсетілді.
2015 жылы облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысып, жүлделі
ІІІ орын дипломымен марапатталды.
2016 жылы ІІ Халықаралық «Гамарджоба, Тбилиси!» шығармашылық фестиваль- байқауына өз жетекшілігімен алып барған оқушыларының жүлделі І орын дипломдарымен марапатталғаны жөнінде облыстық «Жас дарын» журналына, «Білім шырағы», «Ақ жол» газеттеріне жарияланды. /№11-12(25-26) қараша, 2016 ж.
2017 жылы «Коллаборативная среда для развития функциональной грамотности школьников» тақырыбында әдістемелік нұсқаулығы жарық көрді.
2017 жылы халықаралық «Білім беру жүйесін модернизациялау жағдайындағы педагогикалық инновациялар» сырттай ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Жаңаша білім беру жүйесі жағдайында интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы жоғары бағаланып, сертификатқа ие болды.
2018 жылы қараша айында мектеп-интернатының 20 жылдық мерейтойын Ықылас Дүкенұлы мәдениет үйінде өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында жоғары дәрежеде облыстық көлемде атап өтті.
2018 жылы сәуірде демеушілердің көмегімен «Nurgisa.FM» радиосы мен мектеп-интернат сабақ үзілісі Н.Тілендиевтің күйімен жүзеге асты. Облыстық «Віlim.ҒМ» мектеп радиосы байқауына қатысқан оқушылар І, ІІ жүлделі орындар мен «Үздік жүргізуші» номинациясына ие болды.
2018 мамырда өткізілген халықаралық «Жұлдызды талант» байқауына әр түрлі номинациямен өзі демеушілік жасап, Түркістан қаласына апарып келген бес тәрбиеленуші де І жүлделі орындарға ие болды.
2019 жылы мамыр айында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі Жақсылықова Елмираны балалардың шығармашылығы мен дарындылығын дамытудағы қосқан үлесі үшін Халықаралық Ұстаздар Одағының мүшелігіне енгізіп, белгілі төсбелгісімен куәлігін табысталды.
2019 жылы мамырда адамгершілік пен жоғары патриоттық тәрбиедегі қосқан үлестері үшін 28 мамыр күні Халық Қаһарманы Армия генералы Нұрмағанбетов Сағадат Қожахметұлының 95 жылдық мерейтойына арналған төсбелгісімен куәлігі табысталды.
2020 жылы Германия - Қазақстан халықаралық жобасы IV халықаралық «Звезды мира» конкурс – фестиваліне өз демеушілігімен қатыстырған мектеп-интернат жанынан құралған «Нұр Ата» фольклорлық-этнографиялық ансамбль дипломмен марапатталды. Осы конкурста «Нұр Ата» фольклорлық-этнографиялық ансамбльде ойнаған 20 оқушының барлығы «Музыкалық аспапта ойнау» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды. «Эстрада. Соло» және «Көркем өнер. Акварель» номинациялары бойынша қатысқан оқушылары жүлделі орын дипломдарымен марапатталды.
2020 жылы республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонына, 2021 жылы халықаралық «Кенгуру-математика барлығы үшін», Пони» халықаралық балалар зияткерлік сайысы, халықаралық «Русский медвежонок – языкознание для всех», «Бритш- бульдог» байқауына қатысқан оқушылары жүлделі орын дипломдарға ие болды.
2021 жылы облыстық «Менің Отаныма-менің бастамам байқауына» қатысқан оқушысы 1 дәрежелі, «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумында қатысқан екі оқушы ІІІ орын, «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетына «Бард әндері» номинациясы бойынша ІІІ орын, «Жас өлкетанушылар» номинациясы бойынша І орын, «Экологиялық соқпақ» номинациясы бойынша алғыс хатқа ие болды.
Жақсылықова Ельмира - жоғары біліктілік санатты мұғалім, көреген басшы. Тиянақты теориялық білімі мен тәжірибесінің нәтижесінде Н.Тілендиев мектеп-интернат барлық ғимараттары: жатақхана, спор кешені, асхана, оқу корпусы түгелдей күрделі жөндеуден өтіп,монша мен кір жуу комбинаты іске қосылды. Мектеп кабинеттері заманауи жабдықтармен жаңартылды, робототехника кабинеті ашылды.
Мектеп-интернат ауласына демеушілердің көмегімен балалар ойнайтын алаң жасалынып, пән кабинеттеріне 30 дана компьютерлер берілді. Демеушілердің көмегімен осы жылы бастауыш сынып оқушылары жаңа сырт киіммен, 5-9 сынып оқушылары спорттық киімдермен қамтылды. Адамгершілік, патриоттық бағытында ұйымдастырған «7 қайырымды іс» жобасы бойынша ұжымда көптеген қайырымды көмектер жасалды. Бұл игі істерді іске асыруда басшының еңбегі зор.
Ельмира Сауқымбекқызы Тараз қаласы «Нұр Отан» №7 БПҰ-ның төрайымы, Жамбыл облысы «Антикор» штабының мүшесі, Тараз қаласы депутаттығының резервтегі мүшесі.