Мәңгілік ел ұрпақтарының ауған ардагерлеріне тағзымы » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
январь
2019

Мәңгілік ел ұрпақтарының ауған ардагерлеріне тағзымы

                      Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп – интернатында Ауған соғысынан Кеңес әскерінің шекарадан шыққанына

30 жыл толуына орай «Мәңгілік ел ұрпақтарының ауған ардагерлеріне тағзымы» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне қатысқан қонақтар;

- Ермеков Дүкенбай Тараз қалалық «Ауған ардагерлерімен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері;

- Тілеулинов Төлеген Тұрсынбекұлы «Ерлігі үшін», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері;

- Баймаханбетов Дәулет Ибадилләұлы «Ерлігі үшін», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің иегері ;

- Жарқынбеков Нұрлан Құзарұлы Жамбыл облыстық білім басқармасының бас маманы;

- Олжабаев Азамат Жамбыл облыстық «Жас сарбаздар» әскери – патриоттық клубының басшысы.

     Кеште мектеп – интернат тәрбиеленушілері: «Ауған ақиқаты», «Жылдар сөйлейді» атты баяндамаларын жасап, бейнетаспа көрсетті. Сонымен қатар Ауған ардагерлерімен сұхбаттасып, ардагерлерге арналған өлең шумақтары оқылды. Концерттік бағдарламада Республикалық «Тәуелсіз елдің ұланымыз», әскери патриоттық әндер байқауларының бас жүлдегерлері Жамантай Әскербек, Мустафаев Расул, Жұмат Альбина «Бұл Ауғанстан», «Өз елім», «Астана арайлым», «Қазақтай ел қайда», «Біз Отанның ұланымыз», «Көңілді күй» әндерін нақышына келтіріп орындаса, 9 а сынып оқушысы Мырзан Диана «Жауынгердің хаты»,

6 сынып оқушылары «Ауғандағы арыстар» атты өлең жырларын мәнерлеп оқып берді. Кеш соңында мектеп – интернат басшысы Ельмира Жақсылықова ауған ардагерлеріне өзінің және ұжым мен тәрбиеленушілер атынан ризашылығын білдірді. Ал мектеп- интернат тәрбиеленушілері ардагер ағаларына сый құрмет көрсетті.

 

Мәңгілік ел ұрпақтарының ауған ардагерлеріне тағзымы

 

Мәңгілік ел ұрпақтарының ауған ардагерлеріне тағзымы

 

Мәңгілік ел ұрпақтарының ауған ардагерлеріне тағзымы

 

Мәңгілік ел ұрпақтарының ауған ардагерлеріне тағзымы