31 мамыр – Дүниежүзілік темекісіз күн
2026 жылғы 16 мамыр күні 31 мамыр – Дүниежүзілік темекісіз күнге орай мектебіміздің 5–10 сынып оқушылары арасында профилактикалық іс-шара өткізілді.Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығы психолог маманы Жадыра Ойтанбекқызы Аленова арнайы қатысып, оқушыларға «Нағыз құндылықтар – депрессияға тосқауыл» тақырыбында танымдық дәріс оқыды.Шара барысында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Темекі – денсаулыққа жау» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Оқушыларға темекі шегудің адам ағзасына тигізетін зияны, психологиялық денсаулықты сақтау жолдары және зиянды әдеттердің алдын алу туралы кеңінен түсіндірілді.Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге денсаулықтың маңызын түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өмірге деген дұрыс көзқарас пен жауапкершілікті арттыру.Іс-шараға 5–10 сынып оқушылары толық қатысты. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар пайдалы ақпарат алып, өз ойларымен бөлісті.