ТАНЫМДЫҚ КЕШ «Ауған соғысы –тарихтағы өшпес ерлік»
Н. Тілендиев атындағы Мектеп интернатының «Жас сарбаз» үйірме ұйымының жетекшісі С.А. Бекболатов және ұйымдастырушы педагог А.Б. Нартованың ұйымдастыруымен 2026 жылдың 12 ақпан күні «Ауған соғысына қатыскан ардагерлерге құрмет көрсету» жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында «Ауған соғысы – тарихтағы өшпес ерлік» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Іс- шара барысында кездесуге келген ардагерлерлердің әңгімелерін, тындап оқушылар қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. 9 «Ә» сынып оқушысы Ибрагимова Асел «Армысыздар,ауғандағы жауынгерлер» өлең жолдарын оқыса, музыка жетекшісі: Аликулов Ғалымжан «Бұлқынды жүрек» әнің орындады. Сонымен қатар «Жас сарбаз» ұйымдарының оқушылары, автомат Калашниковты шашып жинау көрінісін көрсетті. Кеш соныңда мектеп - интернат директоры Г.Д. Тойшыманова қонақтарға сый-сыяпат көрсетіп, алғысын білдірді. «Қыл қалам» үйірме жетекшісі А.С. Орманова «Ауғандағы ардагерлерге мың алғыс» өз ойынан туындаған өлең жолдарын арнады.
Орманова Айман Садыққызы танымдық кеште Ауған соғысына арналған арнайы шығарған өлең шумақтары
«Мәдениет майталманы» композитор.
«Халық жан ашыры»
«100 есім үздік ұстаз» медальдарының иегері
Евразия Дизайнерлер Одағының мүшесі.
Ауғанның отты жылдары,
Қаншама боздақ боздады
Жарылып бомба қолдағы,
Соғыстың болды зардабы.
Ойласам сол күн, сол жылды,
Жүрегім мені жаралы.
Ананың келмей баласы,
Хабарды алған, қаралы.
Болмасын соғыс болмасын,
Бейбітшілік орнасын.
Отаным аман, тыныш боп,
Жарқырап Елім, жайнасын.
12.02.2026 жыл


