20
октябрь
2023
Қариясы бардың қазынасы бар
Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының «Жас Ұлан» ұйым мүшелері 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қариясы бардың қазынасы бар » тақырып аясында ардагер ұстаз ҚР мәдениет саласының үздігі, қыл қобызшы, Б.Момышұлының 100 жылдық төс белгі иегері, елу жылдай педагогика саласында жас ұрпақты тәрбиелеуге сүбелі үлес қосқан Нұрманов Құдайберген Шорабайұлын құттықтап қайтты. «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерін тартып, ұстазым әнін орындап берді. Мектеп басшысы Г.Д.Тойшыманованың « Құттықтау хаты » табыс етілді. Ардагер ұстаз Құдайберген Шорабайұлы батасын беріп оқушылар мен ұстаздарға ризашылығын білдірді.





