06
ноябрь
2024
«Менің арманымдағы мамандық» тақырыбында тренинг өткізілді
Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының кәсіби бағдар беруші педагогы А.Е.Клангузова 7-8 сынып тәрбиеленушілерімен мамандық әлемі туралы ақпарат беру, болашақ мамандықтарын таңдауларнына ықпал ету мақсатында "Менің арманымдағы мамандық" тақырыбында тренинг жүргізді.Тренинг барысында қатысушыларға мамандық туралы ақпараттар беріліп, "Болашақта мен ... болғым келеді" сөйлемді жалғастыр жаттығуы, "Әріпті мамандық", "Мамандықты тап"ойындары жүргізілді.Білім алушылар "Мамандық дегеніміз не?" тақырыбында өз ойларын постерге жазып, қорғап шықты.Тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, әр қатысушы өз ойларын айтты.