10
февраль
2026
«Қауіпсіз интернет» тақырыбында тәрбие сағат
Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында 2-11 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында тәрбие сағаттары, тәрбиелік іс-шаралар, пікірсайыс сабақтары өткізілді.Қауіпсіз интернет – бұл интернетті пайдалану кезінде жеке деректерді, құрылғыларды және өзіңді зиянды ақпараттан, алаяқтардан және кибершабуылдардан қорғау. Қауіпсіз интернет – бұл өз қауіпсіздігіңді сақтау мәдениеті. Интернетті дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалану әр адамның міндеті.


























