Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы
23
октябрь
2024

Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы

ХАТТАМА№1


 Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының

КММ қамқоршылық   кеңесінің отырысы

Өтілгенкүні:   23.10.202жыл

Күн  тәртібінде   қаралған   мәселе:

  1. 2024-2025 оқужылында «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшем шарттарын бекіту туралы» № 486 бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттау алдындағы мектеп-интернаттың  өзін-өзі бағалау қорытындысымен таныстыру.

Қатысқандар:

  1. Г.Д Тойшыманова –мектеп  директоры;
  2. Қ. Б. Сұранова –директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  3. Ахметжанова Камилаш  Кустутуновна–Ата –аналар комитетінің төрайымы;
  4. Айтқұлбек Асан Мейірханұлы – ТОО « Лидер строй»;
  5. Мухтаркулова Гулсара Рахимжановна – Жамбыл облысы ПДІ  СКБ басшысы;
  6. Шыршықбаева Жасұлан Оразбекұлы – Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық  сотында басшы;
  7. Джолшибекова Алия Игенбаевна –Жамбыл Жамбыл облысы бойынша кәсіподақ ұйымының бас маманы;
  8. Ташенова Кульзира Богембаевна –Ата – аналар комитеті
  9. Салимбаева Гулсара Турсынбековна - Ата – аналар комитеті
  10. Кешубаева Жанар Исатаевна - аналар комитеті
  11. Таласбаева Айгуль Барпыевна - аналар комитеті
  12. Құрмашева  Әсем Ұзақбайқызы - аналар комитеті
  13. Сейдаз Гүлнұр Мұратқызы - аналар комитеті
  14. Қорғанбаева Бақыткүл Сырғабайқызы - аналар комитеті
  15. Мухтарова Гүлмира Мухтаровна - аналар комитеті
  16. Асанова Жазира Болатовна - аналар комитеті
  17. Беделбай Талига Пернебекқызы –оқушы
  18. Иткулова Майра Семізбайқызы - хатшы

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселемен мектеп-интернат директоры Г.Тойшыманова  таныстырды. Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшем шарттарын бекіту туралы»№ 486 бұйрығына сәйкес мемлекеттік аттестаттау алдындағы мектеп-интернатқа оқу нәтижелеріне бағалау қолдану арқылы мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімінде, 2024 жылғы 23 қыркүйекпен 24 қазан аралығында өткізілгенін айтты. Бағаланған кезең бұрын өткен екі оқу жылымен ағымдағы оқу жылы (2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары) болып табылды. «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған » мектеп-интернатының өзін-өзі бағалау  құрылымы 10 бөлімнен  тұрды.

    Алғашқы бөлімде білім беру ұйымының аталуы, орналасқан жері, заңды тұлғаның байланыс деректері, заңды тұлға өкілінің байланыс деректері, құқық беруші және құрылтайшы құжаттар, рұқсат етуші құжаттар туралы мәліметтер көрсетілген.

    Аталған білім ордасының өзін-өзі бағалау құрылымының екінші бөлімінде кадрлық құрамға талдау жасалынған. Яғни, жоғары білімді педагогтар туралы 

 басшының аттестаттаудан өткендігі туралы мәліметтер, кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік санатының деңгейін арттыру  растау туралы мәліметтер,соңғы 3 жылдағы педагогтердің үлесі,ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәлімет, кемінде үш жылда бір рет басшы кадрлардың, педагогтердің біліктілігін  арттыру  туралы  мәліметтер берілген.

    Үшінші бөлімде білім алушылар контингенті, деңгейлер бойынша, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар контингенті туралы мәліметтер, сыныптардың толықтығы туралы мәліметтер, білім алушылар  контингентінің  қозғалысы туралы ақпараттар баяндалған.

   Төртінші бөлімде мектеп-интернаттың оқу-әдістемелік жұмысына сипаттама берілген. Оның ішінде, оқу жұмыс жоспарының, сабақ кестелерінің, негізгі орта және жалпы орта білім берудің МЖМС және үлгілік оқу жоспарларының болуы және оларға сәйкестігі, оқу жоспарын құру бойынша нормативтік құқықтық актілердің тізімдемесі, жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру, білім алушылардың субъективті жаңа білімді меңгеруі мен таным мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру туралы айтылған. 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарында жоспарланған және өткізілген іс-шаралар туралы, сонымен қатар бағаланған кезеңдердегі жылдық тәрбие жұмысы бойынша ағымдағы оқу жылының бағыттарындағы ерекшеліктер, өзгерген тұжырымдама негізінде құрылған жоспардың жүйелі орындалып келе жатқаны туралы ақпарат берілген. Сонымен қатар, білім алушылардың  рухани- адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін сабақтан тыс қызметтің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмыстарының үш жылдық талдамалық салыстырмалы сараптамасы, «өзін-өзі басқару» ұйымы бойынша жүргізілген жұмыстың 3 жылдық талдамалық салыстырмалы сараптамасы, «Қазақстандық ұлттық Юнеско клубтарының федерациясы» клубы бойынша жүргізілген жұмыстың 3 жылдық салыстырмалы сараптамасы, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының үш жылдық талдамалық-салыстырмалы сараптамасы көрсетілген. Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру, ҮОЖ-ға сәйкес жүзеге асырылатын вариативті компоненттің таңдау курстары мен факультативтерін іске асыру, «Өмір қауіпсіздігінің  негіздері» міндетті оқу курсын оқу, «Жол қозғалысы ережелері»  міндетті оқу курсын іске асыру, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы, инвариантты және вариативті (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) компоненттерін құрайтын білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ белгілеген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы туралы ақпарат берілген. 

    2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары бойынша апталық оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарында (инвариантты және вариативті компоненттер) айқындалған оқу жұмыстарының барлық түрлерін қамтиды. Алайда «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған  облыстық мектеп- интернаты »  арнайы білім беру ұйымы болып есептелмейді. Білім алушыларының арасында даму бұзушылығы бар білім алушылар мен ерекше білім беруді қажет ететіндер анықталмағандықтан оқу жоспарларында даму бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті қарастырылмаған. 2024-2025 оқу жылында барлығы 331 білім алушы оқиды. Олардың арасында инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар тіркелмегендіктен, ерекшеліктері  ескерілген  арнайы топтар құрылған жоқ.

Бесінші бөлімде оқу-материалдық активтер бойынша ақпараттар берілген. Ғимарат туралы мәлімет (ғимарат типі, салынған жыл, жобалық қуаты, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарға қажеттілік және т.б.), білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі материалдық активтердің болуы туралы мәліметтер, білім алушыларға медициналық  қызмет көрсету туралы мәліметтер; edu.kz аймақта үшінші деңгейдегі төмендік атаудың болуы туралы мәліметтер, жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы туралы мәліметтер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы туралы мәліметтер, білім беру ұйымдарының жабдықтарымен және жиһаздарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандырылуы туралы ақпараттар көрсетілген.

       Алтыншы бөлімде оқу және көркем әдебиеттің кітапхана қорының болуы туралы мәліметтер, интернет желісіне қосылған компьютерлердің (шағын жинақты мектептерді қоспағанда) компьютерлік сыныптарының болуы туралы мәліметтер баяндалған.

       Жетінші бөлімде білім алушылардың білімін бағалау нәтижелеріне сипаттама берілген. ЖП үлгілік оқу бағдарламаларына және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес тиісті білім берудің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндері) бойынша білім алушылардың даярлық деңгейі (оқытудың күтілетін нәтижелері), білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру және формативті және жиынтық бағалау талаптарын сақтау туралы ақпарат көрсетілген. Мектеп-интернатты білім алушылардың білімін бағалау 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдары кезеңдерінде «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүргізілді. Пән бойынша бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау оқу жылының басында бекітілген кесте бойынша өткізілді. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптарын орындау (дамудың бұзылуын және әлеуметтік бейімделуді түзету) мәселесіне қатысты түсінік берілген. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың тең құқылы болуға және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынаста болуына, қоғамдық ортаға қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жақсы өмір сүруіне ықпал ету әрбір азамат міндеті. Осы бағытта 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарында лицей-интернаттың психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының тереңдетілген тексеру нәтижелері бойынша білім алушылардың арасында оқыту қиындықтары бар балалар анықталмаған, психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялар  орталығында  тіркелмеген.

     Сегізінші бөлімде білім беру процесіне қатысушылардың және басқа респонденттердің сауалнамасының қорытындысы жарияланған. Сауалнамада барлығы 70 білім алушысы қамтылды. Олардың 96,1 %-ы (4-9-сыныптың 63 оқушысы) көрсетілетін білім беру қызметінің деңгейіне қанағаттанған. Сауалнамада 9-сыныптарда сабақ жүргізетін барлығы 43 мұғалім қамтылды. Мұғалімдер арасында сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдайдың жасалу деңгейіне қанағаттанатын мұғалімдердің саны 43 мұғалім, ол 100%-ды құрайды. Сауалнамада барлығы 70 ата-ана қамтылды. Ата-аналар арасында білім алушылардың дайындық деңгейіне 67 ата-ана қанағаттанған. Ол 95 %-ын құрайды.

     Мектеп-интернат педагогтерінің жалпы санынан жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог- сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі 46,8% болуын; «Kundelik.kz» электронды журналына интернет байланысының жылдамдығының баяу жұмыс жасауына байланысты және «Kundelik.kz» жүйесінің техникалықтұрғыда тұрақсыз жұмыс істеуіне байланысты мұғалімдердің қойған белгілерінің дұрыс түспеуі кемшілік ретінде қарастырылды. Өзін-өзі бағалау құрылымының оныншы бөлімінде қорытындылар мен ұсыныстар қамтылған. Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған мектеп-интернаты бағаланған кезеңде оқу жұмыс жоспарларының пәндеріне сәйкес тиісті бейіндері бойынша жоғары педагогикалық білімі бар педагог кадрлармен жасақталған. Мектеп-интернат педагогтерінің сапалық құрамының басым бөлігі білімді, магистрлік  дәрежесі бар 6 ұстаз, Оларға жоғарғы оқу орындарынан алған білімдерін тәжірибе де сапалы іске асыру үшін тәжірибелі педагогтер тарапынан әдістемелік сүйемелдеу жүргізіледі. Мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы мемлекеттік білім беру стандартын толық көлемде орындауға, оқу үрдісімен сыныптан тыс іс-шараларды қажетті әдістемелік деңгейде жүргізуге толық мүмкіндік жасайды. Пән кабинеттері толық жабдықталып, қажетті оқу- зертханалық, техникалық оқыту құралдарымен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасының тәрбиеге қатысты нормативтік талаптары орындалған. Тәрбиенің кешенді бағдарламасы бойынша барлық     бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізілуде.

      «Kundelik.kz» электронды журналын жүргізуде сын ескертпелерді түзей отырып, жыл бойы (Бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау, қалыптастырушы бағалау, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларында мереке күнініне сәйкес келетін күндерді кіріктіру, белгілі себептермен сабақтан қалған оқушыларды белгілеу, вариативті компоненттер есебінен таңдалған оқу пәндері бойынша «есептелінді» белгісін қою  бақылауға алынған.









Қаулы етті:

        1.Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрінің  2022 жылғы   5 желтоқсандағы  «Білім беру ұйымдарын  бағалау  өлшем   шарттарын  бекіту туралы» № 486 бұйрығына сәйкес өткізілген өзін – өзі бағалау нәтижелерінің қорытындысында анықталған кемшіліктер ескерілсін және мәселелердің шешу жолдары  қарастырылсын.


 
 

Қамқоршылық кеңес төрайымы:                   Ахметжанова  Камилаш  Кустутуновна