КОНКУРС «АҒА ТӘЛІМГЕР» » Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл Облысы әкімдігі білім басқармасының
Нұрғиса тілендиев атындағы көп балалы және аз
қамсыздандырылған отбасы балаларына
арналған мектеп-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2023

КОНКУРС «АҒА ТӘЛІМГЕР»

БОС ОРЫНҒА «АҒА ТӘЛІМГЕР»  ЛАУАЗЫМЫНА 
КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ

1.Мекеменің мекен-жайы: Тараз каласы, Ниеткалиева 100, 
байланыс телефоны: 8(7262)34-40-61, пошталық мекен-жайы: 080000, e-mail: tlendieva_2008 @mail.ru
2.Лауазым: Негізгі педагогтің бос орынға аға тәлімгер  0,5 бірлік ;
Лауазымдық жалақысы: 65656 теңге
З. Біліктілікке қойылатын талаптар:
      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
4.Құжаттарды қабылдау мерзімі : 04.01- 12.01.2023ж. аралығы.
5. Конкурстық комиссияның кұжаттарды карау уакыты: 12.01.2023ж. Өтетін орны мұғалімдер бөлмесі, сағат 12:30
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
 1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10)  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
      11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
      12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. 
14-параграф. Білім беру ұйымдарының вожатыйы, аға вожатыйы
      92. Лауазымдық міндеттері:
      балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді;
      білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді;
      балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады;
      ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады;
      балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
      білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды;
      білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді;
      балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады;
      білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды;
      каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады;
      білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады;
      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
      балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді;
      өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
      93. Білуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      педагогика және психология, физиология, гигиена, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістері;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      тынығу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесі;
      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
      94. Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
      95. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
      1) "педагог-модератор":
      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
      балалармен жеке және топтық жұмысты дербес ұйымдастыру;
      2) "педагог-сарапшы":
      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
      балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалану, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу, өткізілетін тәрбиелік іс - шараларды талдау әдістерін пайдалану, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану;
      3) "педагог-зерттеуші":
      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;
      4) "педагог-шебер":
      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:
      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;
      облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.