21
август
2023
«МУЗЫКА» ЖЕТЕКШІСІ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС

УАКЫТША БОС (1 бірлік, декреттік орын)«МУЗЫКА» ЖЕТЕКШІСІ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
1.Мекеменің мекен-жайы: Тараз каласы, Ниеткалиева 100,
байланыс телефоны: 8(7262)34-40-61, пошталық, мекен-жайы: 080000, e-mail: tlendieva_2008 @mail.ru
_2.Лауазым: Негізгі педагогтің уакытша бос орнына музыка жетекшісі (казақ сыныбына) – 1 бірлік ;
Лауазымдық жалақысы:124587 теңге
З.Біліктілік талаптары: аталған мамандық бойынша жоғары білімі (педагогикалық)
4.Кұжаттарды қабылдау мерзімі : 21.08-25.08.2023ж. аралығы.
5. Конкурстық комиссияның кұжаттарды карау уакыты: 29.08.2023ж. Өтетін орны мұғалімдер бөлмесі, сағат 10:00
5.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын кұжат;
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы;
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымына
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы кұжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын кұжаттың көшірмесі (бар болса);
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу кұжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы N° КР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы
туралы анықтама;
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9)сертификаттаудан өту нәтижелері туралы
сертификат немесе педагог-модератордан төмен
емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
педагогтің бос немесе уакытша бос лауазымына
кандидаттың толтырған бағалау парағы.
11)тәжірибесі жок кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі сыйымдылығы - 720 × 480.
Педагогтің бос лауазымның мерзімі: негізгі орындағы педагог жумысқа шыққанға дейінгі аралық.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі
N 338 Бұйрығы.
5-параграф. Білім беру ұйымдарының музыкалық жетекшісі
166. Лауазымдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеуді және эстетикалық дамытуды жүзеге асырады;
музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби меңгерген;
музыкалық және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен жеке жұмыс жүргізеді, музыкалық дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді анықтайды;
дене шынықтыру сабақтарын, спорттық демалыстар мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруға қатысады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ойын қызметін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің жұмысына қатысады;
білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жұмыс практикасына инновациялық тәжірибені енгізеді;
білім алушыларды, тәрбиеленушілерді музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен тәрбиешілерге консультация береді;
музыкалық даму деңгейлерін қадағалайды;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
167. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
әр түрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармаларды;
сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
педагогика және психология негіздерін, музыкалық қабылдау, эмоциялар, әртүрлі жастағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің моторикасы мен музыкалық мүмкіндіктерін, балалар репертуарындағы музыкалық шығармаларды;
музыкалық тәрбие әдістемесін;
дәрігерге дейінгі медициналық көмектің, экономиканың, еңбек заңнамасының негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрттен қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
168. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 5 жыл.
169. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу әдістемесін білуге;
балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық даму бағдарламаларын орындауға;
білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы шеңберінде балалармен бұқаралық іс-шараларды (музыкалық кештер, ойын-сауық, ән айту, хороводтар, билер, қуыршақ және көлеңкелі театр көрсетілімдері және өзге де іс-шаралар), балалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі заманауи әдістемелерін, балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін пайдалануға;
ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс балаларды дамытуға;
музыкалық аспапты кәсіби қолдануға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға;
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістері болуға тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың заманауи әдістерін қолданудың өзіндік шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға;
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік әдістері болуға;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.