Қамқоршылар кеңесі
Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатында №3 қамқоршылар кеңесі 15.04.2024ж.өтті.
Мектеп-интернат директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Б.Олжабаеваның дарынды балаларды қолдау мақсатында жүргізілген жұмыстарының нәтижесі туралы есебі тыңдалды.
Мектеп-интернат директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Сейтжанова қыз-ұл тәрбиесіне байланысты атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Материалдық базаны нығайту үшін бөлінген және мектеп-интернатқа жұмсалған қаржы туралы бас есепші Г.Жамаубаеваның есебі тыңдалды. Қатысушылар білім ордасында жүргізілген ІІ жарты жылдық жұмыстарының есебін тыңдап «қанағаттанарлақ» деп көңілдері толып қайтты.Соңында мектеп-интернат тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп,қатысушылар жақсы көңіл күймен тарасты.




