16
февраль
2023
Вакансия
ВАКАНСИЯ!
Нұрғиса Тілендиев атындағы облыстық - мектеп интернат
Мекеменің мекен жайы: Тараз қаласы, Ниетқалиева көшесі 100.
Анықтама, байланыс номері: 34-40-61
Электронды пошта: tlendiev_2008@mail.ru
Бос орын: Тәрбиеші көмекшісі ( негізгі орын 1 бірлік ) екі тәрбиеші көмекшісі қажет, орта есеппен еңбек ақысы 70 000теңге
Педагогикалық еңбек өтілі: 5 - 25 жыл
Лауазымдық міндеттері:
- Білім мекемесінің Жарғысы негізінде тәрбие процесін ұйымдастырады;
- Тәрбиеші көмекшісінің жоғары немесе орта білімі болуы міндетті.
- Тәрбиеленушілердің интернат өміріне, жағдайына тез үйреніп кетуіне ықпал жасау;
- Оқушылардың жеке заттары мен мемлекет мүлкін күтіп ұстауын бақылауға міндетті;
- Дәрігерлер мен бірлесе отырып оқушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді және жауап береді;
- Әр қабаттағы өзіне бекітілген бөлменің санитарлық – гигиеналық күйін қадағалауға, мемлекет мүлкін күтіп ұстауға, сақтауға міндетті;
- Әрбір қабатты, бөлмелерді тазалайды және санитарлық – нормаларды сақтайды;
- Әжетхана тазалықтары мен санитарлық тораптарын тазалайды;
- Тәрбиеленушілерді моншаға түсіру мен техника қауіпсіздігіне жауап береді;
- Тәрбиеленушілерді сынып бойынша моншаға апарып шомылдырады;
- Әр бөлмедегі тәрбиеленушіге бақылау жүргізеді;
- Өз бетімен рұқсатсыз кетіп қалған тәрбиеленуші үшін дербес жауапкершілікте болады, оның интернатқа оралуы үшін тез арада тиісті шаралар қолдануы тиіс;
- Күн тәртібінің орындалуына тікелей жауапты;
- Уақытылы тамаққа апару, қызықты кештер өткізуге араласу;
- Тәрбиеленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмаларын орындауын, мектеп формасының дайындығын ұйымдастырады;
- Тәрбиеші көмекшісінің тәрбиеленушілерді өз еркімен үйіне, болмаса интернаттан тыс жерге жіберуге құқығы жоқ;
- Демалыс бөлмелеріндегі /жиһаздар мен теледидарға/ тікелей жауапкершілікте болады және оны безендіру, гүл шоқтарын егу.
- Кешкі ауысым уақытында тәрбиеленушілерді тізім бойынша тексере отырып қабылдап алуға және тапсыруға міндетті;
- Әрбір тәрбиеленушінің жеке құқығына нұқсан келтірмей, сыпайы сөйлесу, балаларға күнделікті қамқорлық жасау және олардың мұқтажы мен қызығушылықтарына көңіл бөлу.
- Тәрбиешінің көмекшілері баланың сырқаттануы кезінде кезекші мед. бикеге жағдайды хабарлап, көмек көрсету, керекті жағдайда жедел жәрдем шақыру және әкімшілік тарапына хабар беруге тиіс;
- Тәрбиешінің көмекшілері болған келеңсіз жағдай туралы сөткелік мед.бикемен бірлесе отырып акт жазуға міндетті.
- Төсек-орын, ақ жаймаларының және сүлгілердің уақтылы ауыстырылуын қамтамасыз етеді.
- Тәрбиеші көмекшілері өндірістік қажеттілікке байланысты берілген аула жұмыстары мен сенбілікке қатысуға міндетті;
- Өздеріне тиісті белгіленген сырт киім талабын сақтауға міндетті;
- Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығына жауап береді;
