«Жас Түлек 2026 - Жаңа Қазақстанның ертеңі»
2026 жылғы 17 маусым күні Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында 2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған «Жас түлек – 2026 Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, олардың білім жолындағы жетістіктерін дәріптеу, ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіне құрмет көрсету, сондай-ақ түлектерге үлкен өмірге ақ жол тілеу болды. Салтанатты кештің ашылуында