"Наурыз думан - 2026"
Аталған іс-шара 2026 жылдың 20 наурыз күні мектеп алаңында өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, ұжым арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болып табылады.Мерекелік бағдарлама барысында жүргізушілер қатысушыларды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, думанды кештің шымылдығын ашты. Іс-шара қазақ халқының игі дәстүрі – бата берумен басталып, мазмұнды бағдарламамен жалғасын