Ата –аналармен жиналыс пікір – сайыс сабағын өткізе отырып
Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатында ата-аналар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында пікір-сайыс форматындағы ата-аналар жиналысы өткізілді. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Р. Исакова ұйымдастырып, жүргізді. Жиналыс барысында ата-аналарға сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның қоғамға және бала тәрбиесіне тигізетін кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушыларға жеке сұрақтар қойылып, жағдаяттық тапсырмалар